USD
USD
USD

Париж-2024: Жабылу салтанатында туды кім ұстайды?

Бүгін Астана уақыты бойынша 00:00-де Париж Олимпиадасының жабылу салтанаты өтеді.

Париж-2024
Фото: sport-express.ru

Алматы, NEGE. Шараны 80 мың көрерменді сыйдыра алатын “Стад де Франс” стадионы қабылдайды. Біздің елден ту ұстаушы ретінде Елжана Таниева мен Әлішер Ерғали шығады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жабылу салтанатында көрермендерді көптеген құпиялар күтіп тұр. Әзірше сахнада 100 акробат, биші, танымал әншілердің қатысатындығы жайлы ғана ақпарат белгілі.

Шоуға керемет көрініс беру үшін әлемдік шоу-бизнес өкілдері шақырылды. Атап айтсақ, Билли Айлиш, Снуп Догг және Red Hot Chill Peppers рок тобы.

Айта кетейік, XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде-11 тамыз күндері аралығында өтіп, 329 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов