2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Париж-2024: Жабылу салтанатын JIBEK JOLY арнасы тікелей эфирден көрсетеді

Қазақстандықтар Париж Олимпиадасының жабылу салтанатын Jibek Joly арнасынан тікелей эфирде көре алады. 

Париж олимпиадасының жабылуы
Фото: Kazinform

Алматы, NEGE. Іс-шараның бағдарламасын ұйымдастырушылар әзірге құпия ұстап отыр.

2024 жылғы Жазғы олимпиада ойындарының жабылу салтанаты тамыздың 11-інен 12-сіне қараған түні, Астана уақытымен сағат 00.00-де басталады. Ал Jibek Joly арнасы әзірлеген тікелей эфир сағат 22.30-да басталады. Тікелей көрсетілімнің жүргізушілері — Дидар Қадыров пен Лилиана Әлжанова.

Ал Париж төрінен арна тілшісі Күнсая Құрмет пен комментатор Рауан Оқас қосылады.

Телеарна студиясына Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков, Париж олимпиадасының қатысушысы, дзюдошы Әбиба Әбужақынова, Атлант Олимпиадасының чемпионы, грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко шақырылып отыр.

Олимпиаданың жабылу салтанаты Париждің 80 мың адамға арналған Stade de France стадионында өтеді.

Еске салсақ, 26 шілдеде басталған Париж Олимпиадасының алғашқы жарыс күнінде Қазақстанның медаль қоржынына бір алтын медаль түскен болатын. Одан кейінгі күндерде дзюдошы спорттың 25 түрінен сынға түскен өзге 79 спортшыларымызды ешбірі Елдос Сметовтің жетістігін қайталай алған жоқ.

11 тамыздың таңында көрсеткіштер бойынша Қазақстан Ұлттық құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы медальдер кестесінде 41-орында тұр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер