USD
USD
USD

Париж-2024 XXXIIІ Жазғы Олимпиаданы қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді

26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж-2024 XXXIIІ Жазғы Олимпиаданы Қазақстан аумағында көрсету құқығын отандық 5 телеарна иеленді.

Париж олимпиадасы
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Қазақстандықтар Олимпиаданы «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарынан көре алады.

Айтулы спорт додасын бес телеарнадан 26 комментатор жүргізеді. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Лилиана Әлжанова, Ғалым Сүлейменов, Арман Абдрахманов, Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айдар Махметов, Ербол Қайыров сияқты тәжірибелі мамандар бар.

Париж Олимпиадасына Қазақстан құрамасы 25 спорт түрінен 92 лицензия иеленді. Ел атынан 80 спортшы сынға түседі. Олимпиаданың сайыстар кестесі қосымша жарияланады.

Жазғы Олимпиада кезінде «Қазақстан телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігінің арнайы түсірілім топтары жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

.

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

.

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

эвтаназиялау