2 Тамыз 10:24
...

Париж-2024: Алжирлік трансгендер әйелдер арасындағы жекпе-жекте италиялық қарсыласын жылатып жіберді

Анджела Карини
Фото: әлеуметтік желіден

1 тамыз күні бокстан әйелдер арасындағы Олимпиадалық турнирде 66 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалдық кездесулер өткен болатын. 

Алматы, NEGE. Италиялық боксшы Анджела Карини Париж Олимпиадасында бұған дейін гендерлік сынақтан өте алмай қалған алжирлік Иман Хелифке қарсы жекпе-жекте есе жіберді. Олимпиада ойындарында итальяндық Карини мен трансгендер Хелиф арасындағы жекпе-жек 46 секундқа созылды.

Карини жекпе-жек басталғаннан кейін бірнеше ауыр соққы алып, жекпе-жекті тоқтатты. Ауыр соққының салдарынан Анджела Каринидің мұрны сынған болуы мүмкін. Ол қарсыласының қолын қысудан бас тартып, рингте жылап жіберді. Карини қатты күйзеліп, рингте де, журналистермен сөйлескенде де көз жасын тыя алмады.

– Менің нағыз жауынгер екенімді талай рет айтқан, бірақ денсаулығым үшін жекпе-жекті тоқтатуды жөн көрдім. Мен мұндай күшті соққыны ешқашан сезінген емеспін. Бас тартқым келмеді, бірақ соққы тым ауыр болды, сондықтан мен өзіме «жеткілікті» дедім. Мен еңсемді тік ұстап кетемін, – деді Анджела Карини сұхбатында. 

Халықаралық Олимпиада комитеті болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

«Әркімнің кемсітусіз спорттық жарысқа қатысуға құқығы бар. Алдыңғы Олимпиада жекпе-жектеріне сай спортшылардың жынысы мен жасы олардың төлқұжатына байланысты анықталады. Бұл екі спортшыға қатысты жаңылыс ақпаратты көрдік. Олар көп жылдар бойы әйелдер арасындағы бокстан халықаралық жарыстарға, соның ішінде Токио Олимпиадасына, әлем чемпионатына және басқа да Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) турнирлеріне қатысып жүр», - делінген ХОК мәлімдемесінде.

Хелифтен бөлек тағы бір боксшы – тайвандық Лин Ютин. ХОК мәлімдемесінде, спортшылар іріктеу ережелерін сақтағаны және олардың таңдауын құрметтегендіктен Ойындарға қатысуға рұқсат етілгені айтылған. 

2023 жылы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) гендерлік сынақтан өтпегендіктен Хелифті, сондай-ақ Тайвандық спортшы Лин Ютингті әлем чемпионатынан шеттеткен. Талдау оларда XY хромосомалары бар және тестостерон жоғары екенін көрсеткен.

Осыған қарамастан, Халықаралық Олимпиада комитеті оларға 2024 жылы әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуға рұқсат берді.

Осы Олимпиада ойындарында, Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Хелифтің тестостерон деңгейі әйелдер үшін қалыпты шекте екенін мәлімдеді.