USD
USD
USD

«Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысында «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл жайында ҚазАқпарат жазды.

«Парасатты отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Парасатты отбасы» байқауының өткізілуіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Білім басқармасы мұрындық болды. Онлайн өткен байқауға қатысушылар бейнероликтер түсіріп жіберді.

Жалпы өңірдің барлық аудандарынан 48 отбасы қатысты.

«Біздің мақсатымыз – отбасылық қатынастарды нығайту және оның құндылықтарын насихаттау арқылы бала кезінен сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін, парасатты тұлғаны қалыптастыру. Қатысушылар парасаттылық, адалдық қағидаттарына негізделген отбасылық құндылықтарды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тану деңгейін көрсететін бейнероликтер ұсынды. Мұндай іс-шараларды өткізу отансүйгіштік сезімді дамытуға жақсы әсер етеді, өйткені Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.

Нәтижесінде Шал ақын ауданының өкілдері - Даниловтар отбасының шығармашылық жұмысы жоғары бағаланды. Бұл отбасының төрт мүшесі бар. Олар әділдік, адалдық туралы айтатын бейнебаянды әзірлеуге төрт күндерін жұмсапты. Ал екінші орынды қала тұрғындары – көпбалалы Ибраевтар отбасы және үшінші орынды Тимирязев ауданының тұрғындары – Лобановтар отбасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталар және сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жеңімпаз үш отбасы мүшелерінің балалары «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама алды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы