Паралимпиада: Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола жүлдегер атанды
Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола жүлдегер атанды.
Алматы, NEGE. Ерлер арасында жүзуден 100 м брасс әдісімен S13 санатында өткен финалда Н.Жұмағалимен бірге тағы бір қазақстандық Нұрали Советқанов жарыс жолына шықты.
Бәсеке қорытындысында Нұрдәулет 1:05.20 нәтижесімен мәрені үшінші болып қиды.
Әлемдік рекорд жасаған германиялық Тализо Энгель чемпион атанса, америкалық Дэвид Абрахамс күміс жүлдеге ие болды.
Нұрали сегізінші болып келді.
Осылайша Қазақстан қоржынына бесінші медаль түсті.
Қазір оқып жатыр
Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті
Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады
«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі
Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды