USD
USD
USD

Паралимпиада: Қытай көш бастап тұр

Бейжіңдегі қысқы Паралимпиаданың екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қытай құрамасы медаль санынан көш бастап келеді. Өткен жексенбіде сегіз марапат ойнатылып, қытайлық паралимпиадашылар сегізін жеңіп алды, оның ішінде төрт «алтын».

Паралимпиада: Қытай көш бастап тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Медаль саны бойынша Қытай құрамасы алты алтынмен, төрт күміспен және алты қоламен бірінші орынға шықты. Екінші орында Украина құрамасы (3-3-1), үшінші орында – Жапония (2-0-2).

Жарыстың үшінші күнінде, 7 наурызда сноубордтан бірінші марапат жиынтығы ойнатылады. Чжанцзякоуда шаңғы спортынан ұлттық орталықта алғаш рет көзі нашар көретін шаңғышылар жарысқа қатысады.

Бейжіңде ауа райының бірден жылынуына байланысты пара тау шаңғысы спортынан суперкомбинация дисциплинасы кейінге шегерілді. Жарыстың үшінші күні Қазақстан құрамасынан ешкім өнер көрсетпейді.

Қазақстандық спортшылар сейсенбі, 8 наурызда парабиатлонға (10 км) қатысады.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur