USD
USD
USD

Паралимпиада басталды

Бейжіңде басталған 2022 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың қатысуымен алғашқы жарыстар өтті.

Паралимпиада басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ел құрамасынан Сергей Усольцев пен Ербол Хамитов отырып сырғанаудан спринтерлік бәсекеде жарыс жолына шықты. Нәтижесінде С.Усольцев 15-орынды місе тұтты.
 

Оның жеңімпаздан қалып қойған көрсеткіші - 3:09.4. Ал Е. Хамитов 16-орын алды. Көрсеткіші - +3:29.1. Аталған сайыста қытайлық Лю Цзи Сю мәре сызығын бірінші болып қиды. Одан кейінгі орындар украиналық Тарас Рад пен тағы бір қытайлық Лю Мэнтаоға бұйырды.

Айта кетсек, бүгін түрегеп сырғанауда тағы бір қазақстандық Александр Герлиц 6 шақырымдық жарысқа шығады. Бұдан кейін қазақстандық спортшылар 6, 8, 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды.

Еске салсақ, XIII қысқы Паралимпиада ойындарында ел намысын Сергей Усольцев, Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин қорғайды.

Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарына 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Бүгінгі күнге дейін ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс медаль түсті.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur