USD
USD
USD

Паралимпиада: Әнуар Сариев күміс жүлдеге қол жеткізді

Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер атанды.

Паралимпиада: Әнуар Сариев күміс жүлдеге қол жеткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраулық спортшы 60 келіге дейінгі салмақта әзербайжандық Вугар Ширинлимен татамиге шықты.

Белдесу барысында алдымен В.Ширинли вазаримен алға шықты. Іле-шала Ә.Сариев таразы басын теңестірді. Жекпе-жек соңына таман әзербайжандық дзюдошы тағы бір вазари еншілеп, таза жеңіп кетті.

Ә.Сариев Рио паралимпиадасына да қатысып, одан жүлдесіз қайтқан болатын. Енді, міне, бұл жолы күміс медальға қол жеткізіп отыр.

Бұл – Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Кеше Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын жүлдені иеленген еді. 

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау