USD
USD
USD

Паралимпиада: Ұлттық құрама қоржынында 11 жолдама бар

2024 жылғы 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде (Франция) XVII Паралимпия ойындары өтеді. Жарыс спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады.

Спорт
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

Осы уақытқа дейін паралимпиадашылар 11 лицензия жеңіп алды: отырып ойнайтын волейболдан ерлер құрамасы – 1, пара жеңіл атлетика бойынша ядро лақтыру – 1, пара жүзу – 3, пара каноэ – 1, пара пауэрлифтинг – 1, пара таеквондо – 3, пара нысана көздеу – 1. Сонымен қатар биыл Паралимпиадаға лицензия беретін 23 спорттық іс-шара жоспарланған.

Айта кету керек, Токио-2020 Паралимпиадасына Қазақстан ұлттық құрамасының 25 спортшысы қатысып, 5 медаль (1 алтын, 3 күміс және 1 қола) ұтып алған. Еліміз жалпыкомандалық есепте 48-орында тұр.

Қазір оқып жатыр

Саканың хет-тригі Англияға әлем чемпионатының қола жүлдесін әкелді

.

Танкерге жасалған шабуыл Қазақстан мұнайын тиеуге әсер еткен жоқ

.

Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты соттың қашан басталатыны белгілі болды

Нұрай Серікбай

Дастархан басында қол алысып амандасу дұрыс па? Нұртөре Жүсіп пікір білдірді

Нұртөре Жүсіп