USD
USD
USD

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді

Дзюдодан Париж Паралимпиадасының алтын жүлдегері Ақмарал Науатбек тұңғыш қызын дүниеге әкелді.

Ақмарал Науатбек
Фото: instagram.com/nauatbeka

Астана, NEGE. Дзюдошы ана Instagram-дағы жеке парақшасында сәбиін құшағына алып отырған сәтінен фото, видео жариялады. Спортшылар отбасында дүниеге келген қыз баланың атын Асылым деп қойған екен.

Пара дзюдодан әйелдер арасында тұңғыш паралимпиада чемпионы атанған Ақмарал Науатбек белгілі дзюдошы Мәди Амангелдімен 2022 жылы шаңырақ көтерген.

Мәди Амангелді – 2020 жылы дзюдодан Қазақстан чемпионы, 2023 жылы Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының чемпионы болған.

Ал Ақмарал Науатбек 2022 жылы Бакуде өткен парадзюдодан әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды. 2024 жылы Парижде өткен Паралимпиаданың финалдық бәсекесінде франциялық спортшы Сандрина Мартинеден басым түсіп, чемпион атанды. 

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу