USD
USD
USD

«Парақор» өңірлер тізімі жарияланды: Астана көш басында тұр

Қазақстандағы жемқорлық қылмыстарының басым бөлігі парақорлықпен байланысты. Статистика бойынша, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты 679 қылмыстық іс тіркелсе, соның 427-сі, яғни 63%-ы «Пара алу», «Пара беру» және «Парақорлыққа делдал болу» баптары бойынша қозғалған.

Астана
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Finprom талдаушыларының мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға артқан.

Бұл ретте талдаушылар өңірлердегі жағдай біркелкі емес екенін атап өтеді. Кейбір облыстарда мұндай істер саны айтарлықтай өссе, енді бірқатар өңірде керісінше азайған.

Қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша, көш басында Астана тұр. Ең көп парақорлық дерегі осы қалада тіркелген – 56 іс. Өткен жылдың бес айымен салыстырғанда елордада парақорлыққа қатысты қылмыстар саны 21,7%-ға артқан.

Қостанай облысы парақорлық баптары бойынша қозғалған қылмыстық істер жағынан Астананы өкшелеп келеді. Бұл өңірде бес айда 38 іс тіркеліп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 3,5 есе көбейген.

Парақорлық қылмысы бойынша үштікті Алматы қаласы түйіндеген. Биылғы бес айда бұл қалада 32 іс тіркелген, өсім – 14,3%.

Ал ең аз көрсеткіш Абай облысында тіркелген. Бұл өңірде бар болғаны 1 іс қозғалған. 2 іс тіркелген Ақмола және 7 іс тіркелген Батыс Қазақстан облыстарын да айта кеткен жөн.

Парақорлық бойынша ең жоғары өсім Алматы облысында байқалған. Бұл облыста көрсеткіш 4 есе артқан. Сондай-ақ Қызылорда облысында өсім 66,7%, Жамбыл облысында 61,1% болған. 

Еске салсақ, таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда енді пара беруге уәде еткендер де қылмыстық жауапқа тартылмақ.

Қазір оқып жатыр

Жауыннан соң көлігі бүлінген астаналық өтемақы талап етті – Әкімдік не дейді

нөсер

Санкт-Петербургте ғарышты игеруге арналған фотокөрме ашылды

Kazinform

Грузиядағы ірі МӨЗ ресейлік мұнайдан бас тартып, қазақстандық мұнайға көшуде

мұнай

Сайлау күні онлайн-сервистер жұмыс істейді

сайлау