USD
USD
USD

Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылды

Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылды. Қылмысқа қатысы болуы мүмкін екі адам ұсталды.

Парагвайда Қазақстан азаматының бөлшектелген денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы прокурор Мария Ирен Альварес мәлімдеген.

"Ішіне адам сүйектерінің қалдықтары салынған екі сөмке табылды. Бұл Қазақстан азаматының дене бөлшектері екені белгілі болды", –  деді прокурор Парагвайдың "Монументаль" радиосына берген сұхбатында.

Өлер алдында жәбірленушіні қатты соққыға жыққан. Бір соққыдан оның жақ сүйегі сынған, деп қосты прокурор.

Қазіргі таңда патологоанатомдар адам денесінің өлгенге дейін немесе өлтірілгеннен кейін бөлшектелгенін анықтауда.

"Бірақ адам аса қатыгездікпен өлтірілген, өлімнің өте ауыр әрі қиын болғаны туралы нақты айтуға болады", – деді прокурор.

Полиция Боливияның екі азаматын ұстады. Белгілі болғандай, олар марқұм тұрған үйдің бөлмелерін жалға алған.

Прокуратураның хабарлауынша, боливиялықтар Парагвайға жәбірленушінің қарызын өтеуге келген.

Қазір оқып жатыр

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ