USD
USD
USD

Пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан Қазақстан құрамасы үздік бестікке енді

Пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан әлем кубогының соңғы кезеңінің қорытындысы жарияланды.

Пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан Қазақстан құрамасы үздік бестікке енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сайыс нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 3944 ұпай жинап, топ-5-ке кірді.   Жеке есепте Ербол Хамитов пара биатлонда 790 ұпаймен екінші, ал шаңғы жарысында 752 ұпаймен үшінші орынға ие болды.

Былтыр Бейжіңде өткен қысқы паралимпиаданың жүлдегері Александр Герлиц те маусымды «үздік бестіктің» қатарында аяқтады. Оның еншісінде 630 ұпай бар.   Қазақстан командасы барлығы 13 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 алтын, 5 күміс және 6 қола.  

«Біз үшін паралимпиадалық спорттың маңызы олимпиадалық спорт түрлерінен кем емес. Сондықтан біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарға спортта өздерін тауып, нәтижеге жетуі үшін мүмкіндігінше барлық жағдайды жасаймыз. Қазақстан құрамасын осы нәтижемен құттықтаймын және спортшыларымызға болашақта да спорттың биік шыңдарын бағындыруды тілеймін», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сарсен Құранбек.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі