USD
USD
USD

Пара ретінде 30 қой алған шенеунік жазаланды

Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім бастығы пара ретінде 30 қой алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істері жөніндегі тергеуші Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

Пара ретінде 30 қой алған шенеунік жазаланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Данияр Бигайдаровтың айтуынша, 25 наурызда Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы жобалар мен объектілердің сметалық есебін дайындау және сәулет бөлімі басшысы Ш.Қожамсүгіровке алаяқтық жасағаны үшін мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15,6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу үкімін шығарды.

"Ол Шымкент қаласында Ташкент тасжолы бойында орналасқан жер учаскесіне мемлекеттік актіні алуға көмек көрсеткені үшін жалпы сомасы 1,2 миллион теңге болатын отыз қой және 11 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алды деген күдіке ілінген", - деп түсіндірді Биғайдаров.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті