USD
USD
USD

Пара беруге мәжбүрлеген адвокат ұсталды

Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов жариялады.

Пара беруге мәжбүрлеген адвокат ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жедел іс-шаралар жүргізу барысында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін 2 миллион теңге көлемінде ақша беру кезінде Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасының адвокатын ұстады. Тергеу мүддесіне және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - деді ол. Сонымен қатар Қайсар Баржақсынов Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзінің «адвокат» қызметтік жағдайын пайдаланып, алдау және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеу арқылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға көмектескені үшін «М» есімді азаматтың 2 миллион теңге қаржысын иемденген «Б» азаматшасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі