USD
USD
USD

Пара бермек болған Шымкент тұрғыны ұсталды

 Батыс Қазақстан облысында полицейге пара бермек болған шымкенттік тұрғын ұсталды.

Пара бермек болған Шымкент тұрғыны ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Ақжайық ауданы Чапаев ауылы тұсында, Атырау-Орал жолының 152-шақырымында орын алды. Жылдамдықты шектен тыс арттырғаны үшін Атыраудан Шымкентке бет алған «Киа Рио» автокөлігі тоқтатылды. Шымкент қаласында тұратын 35 жастағы жүргізуші ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 592-бабы 1-бөлігіне (белгiленген жүру жылдамдығын арттыру) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін «Шкода Октавия» автокөлігінің салонында патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты 1996 жылғы Т-ға 2 мың теңге көлемінде пара ұсынған.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, параның он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да полицейлердің қатысуымен пара алу мен беру деректері азаймай отырғанын жазған едік.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы