USD
USD
USD

Пара алып, сотталды

Алматыда шенеунік Т2 млн көлемінде пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.

Пара алып, сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мен қалалық Әділет департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметі аумақтық сот актілерін орындау бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Н.Әділов сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп әшкереленген болатын. (…) 23 желтоқсанда Алматы қаласы Медеу аудандық № 2 сотының үкімімен А.Н.Әділов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 7 ай 15 күн бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды», – делінген сейсенбіде таратылған хабарда.

Агенттік ақпарынша, ол ЖШС директорынан мүлкіне тыйым салу шараларын қолданбағаны және сот актісін орындамау фактісі бойынша материалдарды ішкі істер органдарына жібермегені үшін 2 млн.теңге көлемінде пара алған.

Қазір оқып жатыр

Пайда мен қарыз бірге өсуде. Ағайынды Тастекейлер биыл НЕГЕ қарқын алып келеді?

TAS

Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады: анти-рейтингті Қызылорда облысы мен ШҚО бастап тұр

нәресте

Kyzdar.net ісі бойынша күдікке ілінген әйел Грузиядан экстрадицияланды

Күдікті

729 казақстандық мемлекеттен алатын жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

көмек