Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Пара алған судьялар жазадан айыппұл төлеумен құтылмайды

 Енді аса ірі көлемде пара алған судьялар, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері бірден түрмеге қамалуы мүмкін. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға ұсынылған түзетулердің бірі.

Пара алған судьялар жазадан айыппұл төлеумен құтылмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұрынғы заңнама бойынша пара алған судьялар мен құқық қорғау қызметкерлері бірнеше есе айыппұл төлеп, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатын. Тың түзетулер сондай жағдайды тиып, құзіретті орган қызметкерлері мен судьялардың сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершілігін күшейтеді дейді мамандар. Заң жобасын талқылау үшін онлайн-форматта өткен жиында шетелдік сарапшылар, қазақстандық ғалымдар мен қоғам қайраткерлері пікір алмасты. Жалпы заңнамаға 13 бағыт бойынша өзгеріс енгізу көзделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров: "Мемлекет пен мемлекеттік органдар ашық болуы үшін қоғаммен бірге жұмыс істеу. Қоғамның белсенді ұйымдарын ашық көрсету, жұмысын көрсету. Шет мемлекеттерде, банктерде есеп-шот ұстамау, өзі болсын, баласы болсын, әйелі болсын. Қаралған соң Агенттікке жібереміз, агенттік оны мемлекеттік органдарға жібереді. Оны жинақтап, бәрін сараптап, ары қарай Президентке, Мәжіліске жібереді. Қабылданса заң жұмыс істейтін болады" деді

Қазір оқып жатыр

Абай облысында бұрынғы жұбайын соққытаяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жаңа некесіне қатысты пікір білдірді

Әділет Зейнел

Қызылорда облысында заңсыз алтын өндірді деген күдікпен 13 адам қамауға алынды

заңсыз алтын өндірісі

Қазақстан КҚК-ға жасалған шабуылдар салдарынан шамамен 700 млн доллар табыстан қағылды – сарапшы

Мұнай