Референдум Референдум
USD
USD
USD

Пара алған шенеунік атағынан айырылды

Ақмола облысы Қорғалжын ауданының бұрынғы прокуроры сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметі.

Пара алған шенеунік атағынан айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін Ақмола облысы Қорғалжын ауданының прокуроры Д.О. Омарға қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізген. Осы деректі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеулер департаментімен бірлесіп анықтады.

"Д.О. Омар Қорғалжын қорығының басшысы А.А.Сексенбиевтен 23 миллион теңге мөлшерінде ақша резервінің кассасында заңсыз болу фактісін қорытындысында көрсетпегені үшін 5 миллион теңге мөлшерінде пара алуға тырысты деген күдікке ілінді. Биыл 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Омар 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған адам мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және әділет кеңесшісі арнаулы атағынан өмір бойына айырылды", – делінген хабарламада. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда