USD
USD
USD

Пара алған шенеунік 30 миллион теңге төлейді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының ТКШ және автомобиль жолдары бөлімі басшылығына пара алу дерегі бойынша үкім шығарды.

Пара алған шенеунік 30 миллион теңге төлейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2021 жылдың 30 сәуірінде Ақтау қалалық соты Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары» ММ басшысы Әбдіхалықовқа 30 миллион теңге айыппұл салды. Сондай-ақ, «Жанрин» ЖШС директоры Сүйінов 15 миллион теңге айыппұл төлейді», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров брифингте.

ТКШ басшысы «Жанрин» ЖШС директорынан орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін бір миллион теңге сомасында пара алды және «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» және «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан Мұнайлы ауданындағы «кентішілік жолдардың құрылысы» объектісінде жұмыстарды жүргізу кезінде оған одан әрі қамқорлық көрсетті деген күдікке ілінді. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.