USD
USD
USD

Пара алған шендіге 2,5 млн теңге айыппұл салынды

Жамбыл облысының шенеунігі танысының әкесіне ІІ-топтағы мүгедектік мерзімін ұзарту үшін пара алу фактісі бойынша сотталды, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Айырықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров

Пара алған шендіге 2,5 млн теңге айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

.

Тараз, NEGE. «12 сәуірде Тараздағы №2 соттың үкімімен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зейнебеков кінәлі деп танылып, оған 2,5 млн теңге айыппұл салынды», - деді Биғайдаров.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Жамбыл облысы No5 қалалық емхананың емдеу бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары Аймұрзаевқа 1 миллион теңге, ал сыбайлас Шахмановқа 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Зейнебеков 22 қаңтарда Аймұрзаевтың делдалы арқылы ІІ-топтағы мүгедектік мерзімін ұзартуға көмектескені үшін Шахмановтан 100 мың теңге пара алды», - деп түсіндірді тергеуші.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy