Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Пара алған лауазымды тұлға ұсталды

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысы пара алу ісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. 

Пара алған лауазымды тұлға ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның бес аймағында орналасқан компанияның 40 өндірістік нысанында 20 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мердігер ұйым өкілінен 2,2 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС сатып алу департаментінің басшысын ұстады»,  делінген ақпаратта.

Лауазымды тұлға орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою және қызмет көрсету шарты бойынша аудару үшін ақша алған.

Өзге ақпарат жарияланбайды. Тергеу жалғасып жатыр. «Қазатомөнеркәсіп»  ҰАК» АҚ – дүниежүзіндегі ауқымды ресурстық базаның бірін игеру басымдығына ие әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы Президент сайлауына түсуі мүмкін бе?

Халық Кеңесі

Тоқаев: 10 күн ішінде вице-президент кім болатыны айтылады

вице-президент

Құрылтай депуттарын сайлауда билік өкілдері мен партия жетекшілері дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Құрылтай сайлауында түске дейін 4,6 млн азамат дауыс берді

Құрылтай сайлауы