USD
USD
USD

Пара алған аудан әкімінің орынбасары қамалды

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін түрмеге қамалды. 

Пара алған аудан әкімінің орынбасары қамалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аудандық сот баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған сотталушы осы жылдың наурыз-шілде айлары аралығында көлік жолдарын жөндеуге қосымша келісімдер жасасу кезінде ЖШС басшысына көмек көрсетемін деп 1 800 000 теңге пара алған. Сот барысында оның кінәсі куәгерлер сөзімен және жасалған келісім шарт сынды құжаттармен дәлелденді.

«Айыпталушы өз сөзінде кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот үкімімен ол 3 жыл мерзімге түрмеге қамалды. Сонымен қатар аудан әкімінің бұрынғы орынбасары мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылған», - делінген ақпаратта. Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе