USD
USD
USD

Пара ұсынған директорға 195 млн теңге айыппұл салынды

Шымкент қаласының тұрғыны пара беруге оқталғаны үшін 195 млн теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Шымкент соттарының Telegram-дағы арнасы. 

Пара беру
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі («Лауазымды адамға айтарлықтай мөлшерде пара беруге оқталу») бойынша айып тағылған, – делінген хабарламада.

Сот мәліметінше, азамат серіктестік директоры қызметін атқарып жүріп, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өзіне спирт өндіру, сақтау және өткізудегі заңсыз әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғағанын білген. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмау мақсатында мамыр айында департаменттің 1-басқармасы басшысына 20 мың АҚШ доллары (ресми бағаммен 8 788 000 теңге) және 1 млн теңге пара бермек болған.

Прокурор сотталушыға айыппұл жазасын тағайындауды сұраған.

Жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Т. Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 367-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 20 еселенген мөлшерінде 195 641 856 теңге айыппұл жазасы тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті