USD
USD
USD

Папа Францискке арналған қаралы мессаға 200 мың адам жиналды

Ватикандағы Әулие Петр алаңында Папа Францискке арналған қаралы мессаларға шамамен 200 мың адам қатысты, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі.

Папа Франциск
Фото: Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл месса 26 сәуірде басталған тоғыз күндік қаралы кезеңнің бір бөлігі болды. Әр күн сайын Папа Францискті еске алуға арналған діни рәсімдер өтеді. Жексенбілік қызмет бастапқыда жасөспірімдерге арналған қажылық мессасын алмастырды. Папа қайтыс болғанына қарамастан, Қасиетті жыл аясындағы іс-шаралар жалғасуда.

Кардинал Пьетро Паролин сөз сөйлеп, Папа Франциск понтификатының негізгі мәні болған мейірімділіктің маңызын атап өтті.

"Мейірімділік — сенімсіздік, өшпенділік пен зорлық-зомбылық отын өшіретін күш. Бұл – Папа Франциск бізге қалдырған ұлы шындық", — деді ол.

Сонымен қатар, Рим орталығындағы Санта-Мария-Маджоре базиликасында да Папамен қоштасу рәсімі өтті. Мыңдаған адам келіп, оның қабіріне тағзым етті.

Еске сала кетейік, Папа Франциск (азаматтық аты-жөні Хорхе Марио Бергольо) 21 сәуір күні Ватикандағы Каса-Санта-Марта резиденциясында 88 жасында дүниеден озған еді. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала