USD
USD
USD

Заңсыз дәрі-дәрмек дайындаған астыртын цехты ұйымдастырушылар қамалды

Алматыда дәрі-дәрмек дайындайтын астыртын цех ұйымдастырған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметі.

Заңсыз дәрі-дәрмек дайындаған астыртын цехты ұйымдастырушылар қамалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Таяуда комитеттің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің 100 тонна көлемінде дайын өнім сақталған жалған дәрі-дәрмек жасайтын үлкен астыртын цехті анықтаған болатын. «Осы іс бойынша астыртын цехты ұйымдастырушы, оның көмекшісі және делдал анықталып, ұсталды. 26 шілдеде Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы оларға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі шараны санкциялады», делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 222-бабының 1 бөлімі (тауар белгісін заңсыз пайдалану), 323-бабының 2-бөлімі 1, 3 тармағы (жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу) және 262-бабының 1-бөлімі 2-тармағы (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов