USD
USD
USD

Пандемияның отандық кәсіпкерлерге тигізген салдары анықталды

Елімізде карантин жағдайына байланысты қазақстандық кәсіпкерлерге қандай көмек көрсету қажеттігі сараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пандемияның отандық кәсіпкерлерге тигізген салдары анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Пандемияның адамзат өміріне тигізген әсері мен салдары бәрімізге белгілі. Соның ішінде бизнесті де айналып өтпеді. Коронавирус індеті етек жайып, карантин жағдайы енгізілгелі біз қазақстандық кәсіпкерлердің басты проблемасы мен ұсыныстарын айқындадық. Ол алдымен салық төлеу мерзімін шегеру, несие төлеу мерзімін шегеру, коммуналдық және жалға алу төлем мерзімін ұзарту. Сондай-ақ, жұмыссыз қалған қызметкерлерге төлемақы беру. Одан бөлек, отандық кәсіпкерлер төмен пайызбен қайта қаржыландыру мен несие беруді сұрайды», - деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында. Оның мәлімдеуінше, атышулы індет одан әрі етек жайған жағдайда ұлттық палата үкіметпен бірлесіп кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарлама әзірлейтін болады. «Бүгінде пандемия салдарынан бизнестің барлық бірдей саласы зардап шекті деуге болады. Ал ойын-сауық орталықтары мен кино және банкет залдары әлі күнге дейін жабық тұр. Олардың жағдайы айтпай-ақ түсінікті. Бұл саланың өкілдері қаншама шығынға тап болды. Басқаша айтқанда, 1 млн-ға жуық кәсіпкер немесе еліміздің бизнес саласының 70% пандемияның зардабын тартты. Өздеріңіз білетіндей, кеше өткен кәсіпкерлер палатасының VII съезінде Президент нақты тапсырмалар берді. Осы орайда біз Ұлттық экономика министрлігіне бизнесті қолдауға қатысты нақты ұсыныстар бердік», - дейді ол. Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезі өткен еді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.