USD
USD
USD

«Пандемияның екінші толқыны аса ауыр болады»

Caixinglobal сайты COVID-19 бойынша Шанхай сараптамалық тобының жетекшісі Чжан Веньхунның пікіріне сүйеніп, коронавирус пандемиясының екінші толқынының зардабы аса ауыр болатынын жазды.

«Пандемияның екінші толқыны аса ауыр болады»
Фото: NEGE.kz

Чжан Веньхун былай дейді: «Пандемиямен күрес ұзаққа созылады. Сондықтан аса сақ болуды, тазалық сақтауды қатты сұраймын. Біз пандемияның екінші толқынына дайын болуымыз керек. Ол басталып та кетті».

Мадридтегі госпиталь. Bloomberg

Қытайдың мықты вирусологтарының бірі осылай деп дабыл қағып отыр. Қытай қазір өз ішінде вирустың таралуын тоқтатқанымен, вирусты сырттан «таситындардан» қатты қауіптенеді.

«Пандемияның таралуын тоқтату мерзімі көңіл көншітпейді. Бұл мәселе Қытайды ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатады. Жағдай қашан бақылауға көнеді? Биылғы жылдың аяғында ма, әлде келесі жылы ма? Бұл пандемияға қарсы бүкіл әлем болып қарсы тұруымызға байланысты. Мәселені жылдам шешу үшін қажет болса аса қатал және радикалды әрекеттерге бару керек», – дейді Чжан Веньхун.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегіне қарағанда, Қазақстан бойынша 709 адамнан коронавирус анықталды. Жеті адам осы індеттен көз жұмды, 54 адам емделіп шықты.

Өкінішке қарай, вирус жұқтырғандар азаяр емес. Өйткені вирустың таралу қарқыны шырқау шегіне жеткен жоқ. Халықтың көпшілігі індеттің қаупін әлі толық түсіне қоймаған сияқты. Егер жұрт жолын тауып «қыдырып келуді» азайтпаса, қытайлық вирусолог айтқандай, «аса қатал және радикалды» әрекеттерге баруға тура келуі мүмкін.

Қытай пандемияның бірінші толқынынан өтіп, екіншісіне дайындалып жатыр. Ал біз әлі біріншісінен де өтпегенімізді ұмытпайық.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.