Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Пандемияның аяқталатын күні аталды

Коронавирус індетінің аяқталу мерзімі бар екен. Әйтеуір қытай ғалымдары, атап айтқанда,  инженерлік ғылымдар академиясының академигі, елдің жетекші эпидемиологтарының бірі Чжун Наньшань солай дейді.

Пандемияның аяқталатын күні аталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вирусологтың болжамынша, COVID-19 биыл қыс мезгілі мен 2021 жылдың көктемінде жойылмайды.  Десе де, қарқыны қайтып, жұқтырудың екінші толқыны масштабты түрде болмайды.

"Эпидемия қыста, көктемде жойылмайды. Биыл қыста, келесі жылдың көктемде жұқтыру жалғасуы мүмкін. Бірақ мен әлемдегі бірінші толқын секілді екінші толқын ауқымды болады деп ойламаймын", - деді Чжун Наньшань. Демек, келесі жазға қарай ахуал түзеледі деген сөз.

Оның ойынша, арқаны кеңге салуға әлі ерте, қажет уақытта инфекцияның жергілікті өршуінің таралуына жол бермеу үшін әуе рейстерін қысқарту, оқу орындарында сабақтарды тоқтату сияқты қысқа мерзімді қатаң шаралар қабылдау қажет.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА