Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Пандемияға байланысты Ханзада Филиппен қоштасу рәсіміне өзгеріс енгізілді

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде бос патронмен қарулардан оқ атылып, 9 сәуір күні қайтыс болған Эдинбург герцогы Филиппке құрмет көрсетілді.

Пандемияға байланысты Ханзада Филиппен қоштасу рәсіміне өзгеріс енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Лондон, Эдинбург, Кардифф және басқа да қалаларда, әскери базалар мен кемелерде зеңбіректерден минутына бос патронмен бір оқтан атылды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары ІІ Елизаветаның болашақ күйеуі британдық әскери-теңіз флотында қызмет еткен болатын. Коронавирус пандемиясына байланысты топтасып жиналудан бас тарту туралы ел билігінің және патшалық отбасының үндеуіне қарамастан, тұрғындар сенбі күні Букингем мен Винздор сарайлары маңына гүл шоқтарын әкеліп жатты.

Сенбіде Эндрю және Эдвард ханзадалар Винздор сарайында анасы ІІ Елизаветаға жолықты. Жұма күні монархқа тақ мұрагері Чарльз кірген еді. Виндзордағы патшалық резиденциясына жергілікті халық та келіп жатыр. Өзінің жүз жылдығына екі ай, бір күні жетпей қайтыс болған Ханзада Филипптің өліміне орай Ұлыбританияда қаралы күн жарияланды.

Геральдикалық палатадан мәлім еткендей, жерлеу рәсімі Әулие Георгий шіркеуінде 17 сәуірде өтеді. Оған дейін Ханзаданың денесі Лондон маңындағы Виндзор сарайында қалады. Коронавирус пандемиясына байланысты қоштасу рәсіміне өзгеріс енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық