Пандемиядан 100 миллионан астам қызметкер кедейленді
Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жаңа баяндамасының авторлары COVID-19 пандемиясы салдарынан 100 миллионнан астам қызметкердің кедейленгенін анықтады, деп хабарлайды Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) сайты.
Алматы, NEGE. Зерттеу нәтижесі 2019 жылмен салыстырғанда әлем бойынша 108 миллион қызметкер кедей және қатты кедей санатына жатқызылғанын көрсеткен. Олар және олардың отбасы күніне бір адамға 3,20 доллардан төмен ақшаға өмір сүреді.
Сонымен қатар 2020 жылы 2019 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда әлемде жұмыс сағатының 8,8 пайызының жоғалғаны аталды. Бұл 255 миллион толық күнгі жұмыс орнына тең. Есепте айтылғандай, жағдайдың нашарлауына қарамастан, әлемде жұмыс сағатының саны жаңартылмаған.
Осы жылдың аяғына дейін әлі 100 миллион толық күнгі жұмыс орны жетіспейді.
Ал 2022 жылы жаһандық жұмыссыздық 205 миллион адамға жетпек. 2019 жылы бұл көрсеткіш 187 миллион болған.
Қазір оқып жатыр
Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады
Құрылтай жалпыұлттық деңгейдегі ашық диалог алаңы ретінде қызмет етуі тиіс – Президент
ҚХП-ның жаңа төрағасы: Дариға Назарбаевамен ешқандай туыстығым жоқ
Тоқаев: Үкімет инфляцияны төмендетіп, экономиканы жаңа үлгіге көшіруі керек