Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Пандемия желтоқсанға қарай аяқталады

Ғ

Пандемия желтоқсанға қарай аяқталады
Фото: NEGE.kz

алымдардың болжамынша, дүние жүзінде коронавирус пандемиясы биыл желтоқсан айына қарай, ал кей елдерде одан ертерек аяқталуы мүмкін.

Алматы, NEGE. Сингапур технология және дизайн университетінің ғалымдары мұндай болжамды инфекция тарауының математикалық моделіне сүйеніп жасаған. 

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, АҚШ-та COVID-19-ға байланысты жағдай қыркүйектің екінші жартысында, ал Ұлыбританияда тамыздың соңында басылуы мүмкін. Дегенмен зерттеушілер бұл мәліметтер жағдай күн сайын өзгеріп жатқандықтан нақты болмауы мүмкін екенін айтады. 

"Оқырмандар кез келген болжамды байыппен қабылдауы керек. Болжамдарға сүйеніп әрекет ету қауіпті, себебі профилактикалық шаралар жеңілдеуі мүмкін. Ал бұл науқастардың саны күрт өсуіне әкеліп соғуы мүмкін", - делінген ғалымдардың зерттеу жұмысында. 

Еске салайық, дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны бес миллионнан асты. Оның ішінде 2,2 миллион адам аурудан айығып, 343 982 адам коронавирустан қайтыс болды. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА