Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Пандемия кезінде депрессияға ұшырағандар көбейді

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының мәліметі бойынша соңғы бір жылда әлем елдерінің 60 пайызында бұл өзекті мәселеге айналды. Жаһанды жайлаған жұмыссыздық, аурудан қорқу, адамдардың жақындарынан айырылуы мен мәжбүрлі оқшаулану халықтың психикалық жағдайының күрт нашарлауына әкеліп соққан.

Пандемия кезінде депрессияға ұшырағандар көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәселен, зерттеулерге сәйкес, АҚШ пен Ұлыбританияда депрессияға ұшырағандардың қатары 3 есеге көбейсе, Оңтүстік Корея тұрғындарының тең жартысында жүйке жүйесінің сыр беруі байқалған. Ғалымдардың айтуынша, жағымсыз психологиялық жағдайларға тап болғандардың арасында қаржы қыспағында қалғандар, жастар мен әйелдер көп. Енді сарапшылар әлем елдерін психикалық денсаулық мәселесіне баса назар аударуға шақырады. Ал дәрігерлер спортпен шұғылданып, әлеуметтік қарым-қатынасты жақсартуға кеңес береді. Мамандардың айтуынша, депрессиялық ауруларды емдеу ұзақ уақытты қажет етеді.

Рэйчел Кларк, дәрігер:

- Ең қиыны, науқастардың шарасыз күйде болғаны. Тіпті Ұлыбританиядағы дәрігерлердің 50 процентінің күйзеліске ұшырағаны байқалды. Әр бесінші науқаста бұл диагноз клиникалық дәлелденген. Мұндай дертке шалдыққан адамдар әлі күнге дейін толық сауыға алмай отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Сыртқы саясат тұжырымдамасынан Назарбаевтың өмір бойғы құқығын алып тастады

Назарбаев

Астанада фишингтік хабарлама таратумен айналысқан топ мүшелері қамауға алынды

Кісен

ШҚО-да қос азаматтық үшін 35 адам жауапқа тартылды

қос азаматтық

Грузия алғаш рет Қазақстаннан 3,2 млн долларға мұнай сатып алды

Мұнай