USD
USD
USD

Пандемия басталғалы 6 миллион адам жұмыссыз қалды

Еуропалық Одақ елдерінде пандемия басталғалы 6 миллионға жуық адам жұмысынан айрылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Пандемия басталғалы 6 миллион адам жұмыссыз қалды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Еуропаның жұмыспен қамту және әлеуметтік құқық жөніндегі комиссары Николас Шмиттің мәлімдеген. Оның айтуынша, әсіресе жастар нәпақасыз қалған. 

«ЕО-дағы жұмыссыздық деңгейі 2021 жылдың қаңтарында 7,3%-ға жетті. Өткен жылы 6,6% болған еді.Дағдарыстан әсіресе жастар қатты зардап шекті. Қазіргі уақытта ЕО-да 3 миллионға жуық жас маман жұмыс істемейді. Біздің парызымыз – бұл мәселені ушықтырмау», – деді ол.

Осы орайда Еурокомиссия «жастарды жұмыспен қамту» деп аталатын бағдарламаны іске қосты. Енді жұмыссыз қалған немесе оқу орнын бітірген 30-ға толмаған жастарға жұмысқа орналастыру немесе тағылымдамадан өткізу туралы ұсыныс жасалады.

2020 жылдың көктемінде одақ экономикасы жойқын дағдарысқа ұшырады, өйткені қатаң әлеуметтік-экономикалық шектеулер енгізілген болатын. Күзде індеттің екінші толқыны басталады деген ақпарат тарағаннан кейін, бірқатар ел карантин талаптарын күшейтіп тастады. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер