USD
USD
USD

Пандемия балаларға кері әсер етті

Мәжіліс депутаты Мұрат Теміржанов балалар офтальмологиясы саласындағы кемшіліктерді келтіріп, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады.

Пандемия балаларға кері әсер етті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NУGE. «Өкінішке қарай коронавирус пандемиясы біздің балаларымызға смартфонды, компьютерлер мен басқа да гаджеттерді бұрынғыдан көбірек қолдануына итермеледі. Мұның салдары көру қабілетін нашарлатады. Көптеген елде балалардың көру қабілетінің азаюуы – ұлттық қауіп ретінде мойындалды. Балаларды қарайтын офтальмологтардың жоқтығы жағдайды тіпті қиындатып тұр. Ал жетекші офтальмологиялық емханалар адамдарды 18 жастан бастап қана қабылдайды», – дейді ол.

Депутат қазіргі қашықтан оқыту кезінде дене шынықтыру сабағының өзі эссе жазу күйінде өтіп жатқанын мысалға келтірді.

«Көзін қарату үшін ақша таба алмай жатқан адамдарға қалай көмектесеміз? Денсаулық сақтау министрлігінен алған жауаптан бұл жағдайда мемлекеттен көмек болмайтынын ұқтық. Ал әлеуметтік желіні ақтарып отырып, күнде-күнде көмек күткен науқастардың суретін көреміз», – деді ол.

Осы мәселелерді айта келе Мұрат Теміржанов бірнеше ұсыныс білдірді.

«Осыған байланысты Үкіметтен балалар офтальмологиясы саласындағы жағдайға түзету енгізіп, шұғыл шараларды қабылдауды сұраймыз. Сонымен қатар азаматтардың денсаулығына мән беріп, әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргізіп, көмек берілуі тиіс нақты адамдардың санатын анықтау керек», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер