USD
USD
USD

Пандемия: Алматы екінші толқынға дайындық жасап жатыр

Алматыда коронавирус пандемиясының екінші толқыны жағдайында дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін талдау жұмыстары жүргізілді

Пандемия: Алматы екінші толқынға дайындық жасап жатыр
Фото: NEGE.kz

. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында,  Алматы әкімдігінің қаланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев мәлімдеді. 

Алматы, NEGE. Қалада дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында, оның ішінде коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық кезінде, қаланың  қажеттіліктері болжанды.

"Алдағы уақытта нарықты тұрақтандыру үшін біз талдау жұмыстарын жүргіздік. Өткен жылғы күзгі-қысқы кезеңдерге қарап,  қандай сатылымдар, қандай жеткізілімдер жүзеге асырылғанын сараладық. 2019-2020 жылдарға,  қазаннан ақпан айына дейінгі аралықты негізге ала отырып, талдау жасадық.  Жеткізушілер қанша дәрі-дәрмекті жөнелтіп,  қазіргі тұрақтандыру қорындағы дәрі-дәрмектердің қаншасын жеткізе алғанын сараладық", - деп атап өтті З. Сәлімбаев.

 Оның айтуынша, дәрі-дәрмектердің бір түрін  ғана емес, аналог препараттарымен де барынша қамту қарастырылған. 2019-2020 жылдың күзгі-қысқы кезеңін ескере отырып, азаймайтын  қор қарастырылған,  ол бір айда  сатылатын дәрінің орнын жабатын болады.   Осыған байланысты жеткізушілерден міндетті түрде қоймаларда 8 млн-нан астам дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қаптамасын құрайтын азаймайтын қордың болуы талап етіледі. 

 "Біз келіссөздер жүргізіп,  жеткізушілерге,  қоймаларда азаймайтын  дәрінің қоры  болуына төмендегі шарттарды қойдық: үш айлық жеткізілім көлемінің 40% - ы қоймада заттай түрде болады, ал көлемнің 60% - ы ай сайын, апта сайын және үнемі айналымда болады", - деді ол. 

 Сонымен қатар, қаладағы ауруханаларды тұрақтандыруға арналған резервтік қор бар. Жеткізілімдер бұзылған жағдайда,  ауруханалардағы дәрі-дәрмектердің нақты қанша қалғанын көрсететін бағдарлама жасалады. Ең төменгі мәнге жеткенде, белгілі бір препараттың қорын азайту туралы сигнал береді. 

 "Цифрландыру жүйесі -  қай дәріханада қандай препараттар бар екенін, қандай бағамен сатылып жатқанын және т.б. көрсететін бағдарлама әзірленуде. Сонымен қатар, бұл жүйе ауруханаларға қоймалардағы дәрі - дәрмек қорын көруге, ескерту үшін жұмыс істеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті З.Сәлімбаев.

 

 

 

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов