USD
USD
USD

Пан Ги Мун Елбасын құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жасыл дамудың жаһандық институтының төрағасы, БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесті.

Пан Ги Мун Елбасын құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Пан Ги Мун Елбасын келе жатқан мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт және барлық жаңа бастамаларына сәттілік тіледі. Саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның жаһандық деңгейдегі беделін арттыруға қосқан зор үлесін атап өтті. Елбасы Пан Ги Мунге жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Жасыл дамудың жаһандық институты арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру қажеттілігіне тоқталды. Телефон арқылы сөйлесуге БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы бастамашы болды», – делінген ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық банктер Шахмұрат Мүтәліпке «Алтыналмасты» сатып алу үшін 1 млрд доллардан астам несие беруі мүмкін

Шахмұрат Мүтәліпов

BilimClass платформасында ақау шығып, оқушылар электронды күнделікке кіре алмай қалды

Смартфон

200 мың доллар және милиондаған рубль: шекарадан қолма-қол ақшаны заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Шекара қызметкері мен күдікті

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс