USD
USD
USD

Палестинаға Алматыдан гуманитарлық көмек жөнелтілді

  Гуманитарлық көмек Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Палестина халқын қолдау аясында жіберілді.

Палестинаға Алматыдан гуманитарлық көмек жөнелтілді
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE.  Жүк ұшағымен мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік пен төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүктер, сондай-ақ «СК-Фармация» ЖШС дәрі-дәрмектері мен медициналық бұйымдар жөнелтілді. Жүктің жалпы көлемі 38 тоннадан асады. Гуманитарлық жүктерді тиеуді Төтенше жағдайлар министрлігі әскери бөлімінің күштері жүргізеді. Жүк Қызыл жарты ай қоғамының өкілдеріне тапсырылады.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді. Гуманитарлық көмекке салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді. 

Мұның алдында Қазақстан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің мемлекеттері, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада, Ұлыбритания, Жапония, Ресей, Қытай және басқа да көптеген ел Газа секторы мен Батыс жағалауда зардап шеккен Палестина халқына қаржылық және гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар