USD
USD
USD

Пәкістанда су тасқынынан 110 мың адам эвакуацияланды

Тамыз айынан бері Пенджабта 1,8 миллион адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп жазды Анадолы агенттігі.

Т
Фото: Анадолы

Алматы, NEGE. Пәкістанның Синдх провинциясында Үндістан бөгеттерден су жібергеннен кейін туындаған су тасқыны қаупіне байланысты шамамен 110 мың адам қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды.

Провинция билігінің мәлімдемесінде Инд өзенінің маңындағы төменгі жазықтарда тұратын тұрғындарды көшіру қарқын алғаны айтылған.

Инд өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су тасқыны қаупі бар аймақтардан шамамен 110 мың адам эвакуацияланды. Қауіпті аймақтардан халықты көшіру жалғасуда, – делінген хабарламада.

Пәкістанның Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттігінің (NDMA) деректеріне сәйкес, тек тамыз айында Пенджаб провинциясында 1,8 миллион адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Өзендердің тасуы салдарынан 3900-ге жуық ауыл су астында қалған.

Үндістан су тасқыны шекарадан өтуі мүмкін екенін Пәкістанға дипломатиялық арналар арқылы алдын ала хабарлаған. Үндістан сыртқы істер министрлігінің өкілі Рандхир Джайсвал су тасқыны туралы мәліметтердің Исламабадқа жеткізілгенін айтты.

Оңтүстік Азияда маусымнан қыркүйекке дейін болатын муссон жаңбырлары жыл сайын Үндістан мен Пәкістанды қоса алғанда, өңір елдерінде ірі табиғи апаттар мен төтенше жағдайларға себеп болады.

2025 жылдың 26 маусымынан бері Пәкістан аумағында болған су тасқындарынан 800-ден астам адам қаза тапты, ал Үндістанның Химачал-Прадеш штатында маусым айынан бері шамамен 300 адам көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

.

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

КҚК

Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды

.

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Смартфон