USD
USD
USD

Пәкістанда перзентханада өрт шығып, 15 сәби көз жұмды

Қайғылы оқиға 26 тамыз күні таңертең Пәкістанның Исламабад қаласындағы мемлекеттік Pakistan Institute of Medical Sciences (PIMS) ауруханасында болды. 

Пәкістандағы өрт
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Geo News телеарнасының хабарлауынша, өрт кезінде палатада 16 сәби болған. Олардың біреуі ғана аман қалып, қалған 15 сәби қаза тапқан.

БАҚ мәліметінше, құтқарушылар палатаға кіріп, адамдарды эвакуациялау үшін терезелерді сындыруға мәжбүр болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт кондиционер компрессорының жарылуынан кейін шыққан. Алайда қайғылы оқиғаның нақты себебі әлі анықталған жоқ. Оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.

Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф қаза тапқан балалардың отбасыларына көңіл айтып, оқиғаны дереу тергеуді тапсырды. Ол жағдайдың барлық мән-жайын анықтап, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлілерді жауапкершілікке тартуды талап етті.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров

«Әлсіз кезімізде жасаған келісімдерді сақтауымыз керек»: экономист мұнай жобалары туралы

Decaf

Алматыда үш жоғары оқу орнын бомба қойылғаны туралы хабарлама дүрліктірді

Халықаралық бизнес университеті