USD
USD
USD

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Қайғылы оқиға 15 қазанда Пәкістанның Пешавар қаласындағы Al-Khair мектебінде болды.

Оқиға орны
Фото: NewsArenaIndia/x.com

Астана, NEGE. Dawn басылымының хабарлауынша, қаза тапқан оқушылардың жасы 7 мен 14 аралығында болған. Тағы жиырма бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Олардың басым бөлігі үйіне жіберілген, ал басынан ауыр жарақат алған үш бала ауруханада емделіп жатыр.

Пешавар қаласының әкімшілік өкілі Афак Вазир құтқару жұмыстары аяқталып, үйінді астында қалған адамдардың барлығы шығарылғанын мәлімдеді.

Қалалық полиция басшысы Миян Саид Ахмед ғимарат конструкциясының әлсіз болғанын, ал шатырға құрылыс жұмыстары кезінде шамадан тыс салмақ түсіп, соның салдарынан төбесі опырылғанын айтты. Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін тергеу басталды.

Премьер-министр Шехбаз Шариф қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, жараланғандарға медициналық көмек көрсетуді және құтқару жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Қанат Бозымбаев коммуналдық желілерді жаңғыртуға банктерді кеңінен тартуды тапсырды

Қанат Бозымбаев

Келер жылы 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан кімдер қағылуы мүмкін?

Ақша

СҚО-да екі КамАЗ бен үш жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

Жедел жәрдем