2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Пакістан Индиямен соғысқа бармайды, бірақ агрессияға жауап береді

Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф Кашмирдегі ықтимал қақтығыстың дамуы бойынша елінің ұстанымын білдірді, деп хабарлайды  РИА Новости.

Пәкістан және Үндістан
Фото: Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, Пәкістан әскери іс-қимыл бастамайды, бірақ егер Үндістан агрессия жасаған жағдайда, Пәкістан жауап беруге дайын.

«Біз ешқандай әскери әрекет жасауға ниетіміз жоқ, алайда егер Үндістан тарапынан қандай да бір қадам жасалса, біз де жауап береміз, және ол жауап іс-қимылға сәйкес болады. Біз жағдайды шиеленістіргісі келмейміз, бірақ егер Үндістан Пәкістанға басып кіруге немесе шабуыл жасауға тырысса, ол лайықты жауап алады», - деді Асиф.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы уақытта Кашмирде болған қарулы шабуыл нәтижесінде 27 адам қаза тауып, Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастар шиеленісіп кеткен болатын. Үндістан Пәкістанның елшілігінің қызметкерлерін қысқартып, ал Пакістан сауда-саттықты тоқтатқан еді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Путинге жауап берді

Халық Кеңесі

Өзбекстан энергетика жүйесіндегі ақаудан Қазақстанның кей өңірі уақытша жарықсыз қалды

Электр жарығы

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті