USD
USD
USD

Пәкістанға тікелей әуе қатынасы іске қосылады

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын одан әрі кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ «ашық аспан» режимінің саясатын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Пәкістанға тікелей әуе қатынасы іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылғы 23 желтоқсанда Исламабад қаласында (Пәкістан) ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі 11-ші отырыс өтті,

Жиналыс шеңберінде Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Пәкістанның Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Хакан Мұртаза мырзамен кездесуі өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістанның авиациялық билігі арасында келісімге қол қойылды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде қазақстандық «SCAT» авиакомпаниясы 2023 жылғы наурыздан бастап Воеіпg 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде Алматы – Лахор (аптасына 2 рейс) және Алматы – Карачи (аптасына 2 рейс) бағыттары бойынша тікелей жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

«Қазселденқорғау» үш облыста сел жүруі мүмкін екенін ескертті

сел

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза