Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Пәкістандағы атыстан 5 адам қайтыс болды

Құқық қорғау органдарының өкілдерімен және заңсыз қару-жарақ сатқан саудагерлермен болған атыс салдарынан Гилгит полициясының терроризмге қарсы күрес департаментінің бес қызметкері мерт болып, жетеуі жарақат алды.

Пәкістандағы атыстан 5 адам қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Гилгит полициясы Гилгит-Балтистан провинциясының Диамир округінде заңсыз қару-жарақ сатқан саудагерлерді ұстау операциясын жүргізді. Қылмыскерлер құқық қорғау органдары қызметкерлеріне оқ жаудырып, салдарынан бес полицей мерт болды, тағы бесеуі жарақаттанды. Сонымен қатар, атыс барысында екі бейбіт тұрғын зардап шеккен. Қылмыскерлер қашып үлгірген.

«Күдіктілердің заңсыз қару-жарақ саудасына қатысы бар болып шықты», – деді провинцияның уақытша бас министрі Афзал Хан. 

Қазір оқып жатыр

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау