USD
USD
USD

Пайдалы қазбаларды өндіруге құқық беретін аукцион өтеді

Осы жылдың 26 мамырында Астана уақытымен сағат: 15.00-де қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жер қойнауын игеруге құқық беруді көздейтін аукцион өткізіледі, деп хабарлады ҚР ИИДМ.

Пайдалы қазбаларды өндіруге құқық беретін аукцион өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған аукционға алтын, күміс, кварцит, барит, көмір, фосфорит және тағы да басқа қатты пайдалы қазбаларға байланысты 28 лот қойылады.

Аукцион елордада Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша орналасқан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ғимаратында немесе «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылдағы 11 мамырдағы «Қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №315 бұйрығы күшіне енген жағдайда электронды форматта өткізіледі.

Оған қатысу үшін өтінімдер алдағы ақпан айының 1-нен бастап 24 наурызға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.