USD
USD
USD

Пайдаланылмаған 149 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмай жатқан 1,2 млн гектар жер анықталды. Бұл туралы өңір әкімі Ғали Есқалиев айтып берді.

Пайдаланылмаған 149 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Президент тапсырмасына сәйкес, соңғы екі жыл ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын 1,2 млн гектар жер анықталды. Оның ішінде 574 мың гектар жердің пайдаланушылары өз жер телімін игеруге кірісті, 149 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды. Қалған жер пайдаланушылар бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыс жүріп жатыр», - деді Ғ. Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, бұл жұмыстар арнайы жасақталған геоақпараттық портал арқылы жүргізілген.

«Қазіргі уақытта геопортал орталық мемлекеттік органдардың базаларымен интеграциядан өтіп жатыр. Аталған жұмыстар аяқталған соң ауыл шаруашылығы жерлерін беру процесі автоматты түрде жүргізіледі», - деді БҚО әкімі.

 

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева