USD
USD
USD

«Өзін полицей ретінде көрсетеді»: алаяқтар жұртты ЖИ көмегімен алдауға кіріскен

Ішкі істер министрлігі жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері таралып жатқанын ескертті.

Маңғыстау
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. ІІМ мәліметінше, қаскөйлер өздерін полиция, банк қызметкерлері және басқа ұйымдардың мамандары ретінде көрсету үшін ЖИ арқылы соларға ұқсас суреттер, аудио және бейнематериалдарды белсенді түрде әзірлеуде.

«Азаматтарға бейнеқоңыраулар арқылы белгісіз тұлғалар жалған бейне мен дауысты пайдалана отырып, өздерін полиция қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік органдары немесе банктердің қауіпсіздік қызметінің өкілдері ретінде таныстыратын жағдайлар тіркелуде», – делінген полиция хабарламасында.

Осыдан кейін алаяқтар, полицейлердің айтуынша, күдікті операцияларды анықтау немесе ақшаның сыртқа шығу қаупі деген сылтаумен ақшаны шұғыл түрде «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіреді.

«Сонымен қатар ресми хабарламаларға ұқсас етіп жалған хабарламалар мен құжаттарды жіберу, мемлекеттік органдар немесе қаржы ұйымдары өкілдерімен байланыс орнатқандай әсер қалдыратын автоматтандырылған сервистер мен чат-боттарды пайдалану фактілері де кездеседі», – дейді ведомство өкілдері.

Полицейлердің мәлімдеуінше, құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері ешқашан бейнеқоңырау арқылы ақша аударуды талап етпейді, құпия мәліметтерді сұрамайды және телефон арқылы қаржылық операциялар жүргізуді ұсынбайды.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық

Алматыда жүйіткіген көлік музей алдындағы арт-инсталляцияға соғылды

жол-көлік оқиғасы

КҚК терминалына бағыт алған танкерге екі рет шабуыл жасалды

дрон шабуылы