USD
USD
USD

Өзін антикордың төрағасы ретінде таныстырған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жуалы ауданының №4 мектебінің директоры Ж.Е. Пернешева мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы болып көрінген белгісіз адам арасындағы телефон арқылы сөйлесу фактісі бойынша келесіні хабарлайды.

сот
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Департамент жүргізген тексеру шеңберінде Атырау облысының аумағында тұратын азаматтың (аз. «С») жеке басын анықтады. Ол өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы ретінде көрсете отырып, бұрын еңбек тәртібін бұзғаны (жұмыс орнында мас күйінде болған) үшін жұмыстан босатылған қызметкерді жұмысқа қайта алуға жәрдем көрсетуді сұраған. Осыған байланысты аз. «С»-ның іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалды, жиналған материалдар құзыреті бойынша Атырау облысының Полиция департаментіне құқықтық баға беру үшін жіберілді.

2025 жылдың 8 мамырында Полиция департаментімен азамат «С»-ға қатысты жала жабу фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (ҚР ӘҚБтК 73-3-бабы 2-бөлігі) жасалып, Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жіберілді.

Сот процесі барысында азамат «С» кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне өкініш білдірді. 2025 жылы 14 мамырда сот шешімімен азамат «С» ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов