USD
USD
USD

«Өзіме қол жұмсауға дайынмын» – Бұрынғы судья Светлана Жолманова үндеу жасады

Экс-судья Светлана Жолманова Мемлекет басшысына үндеу жолдап, өзіне-өзі қол жұмсауға дайын екенін мәлімдеді.

Экс-судья
Фото: ғаламтордан

С.Жолманованың шашын тықырлап алып тастаған, бұрынғы судьяны бірден тани қою қиын.

«Қамауда отырғаныма екі ай болды. Менің хаттарыма ешкім жауап берер емес. Телефон соғуға мүмкіндік бермейді, балаларымды да көрсетпейді. Қазір дүние-мүлкімді тартып алып жатыр. Мен бәріне дайынмын, бұл – барып тұрған бассыздық. Мен өлуге де дайынмын, өзіме қол жұмсауға дайынмын, өйткені менің балаларым мен кәрі шешем зардап шегіп жатыр», – дейді ол Президентке бағыттаған үндеуінде.

Бұрынғы судьяның айтуынша, қылмыстық істі ҰҚК тергеген кезде ол ешқайда кетпей туралы қолхат бермесе де, екі жарым жыл бойы Алматы қаласынан шыға алмапты.

Экс-судья
Фото: видеодан скрин

«Осы видеоға назар аударуларыңызды сұраймын. Бұл заңсыздықты бәлкім өлім тоқтататын шығар. Егер қандай да бір жағдай болса, менің өліміме Смайыловты кінәлі деп тануды сұраймын», – депті С.Жолманова.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Алматы қалалық соты санкция беріп, Жолманованы екі ай мерзімге қамауға алған болатын. Экс-судья алаяқтық бабы бойынша күдікті деп танылған.

Қазір оқып жатыр

Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік неге алынып тасталуы мүмкін?

.

Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көше ме?

зейнетақы

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров